Оның міндеттерін уақытша орындау Жезқазған әкімінің орынбасары Амангелді Мұхамбендинге жүктелді.
Батырлан Ахметов 2014 жылдың тамызында қала әкімі болып тағайындалған болатын. Оның қызметтен кету себебі әзірге белгісіз.
Ахметов Батырлан Дүйсенбайұлы 1969 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Үш жоғары білімі бар. Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық Институтын және Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Біліктілігі бойынша тау-кен инженер-байытушы, экономист және заңгер. Еңбек жолын 1989 жылы «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің диірмен машинистінен бастаған. 1992 жыл мен 2012 жылдар аралығында әр түрлі мамандықта салық органдарында соның ішінде Жезқазған және Сәтбаев қалаларының салық басқармасында басшы қызметін атқарды. 2012 жылдың ақпан айы мен 2013 жылдың наурыз айы аралығында Сәтбаев қаласының әкімі болды. 2013 жылдың наурыз айынан тағайындаған мерзімге дейін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарды.