Басты бетЖаңалықтарАстанада қоқыстан...

Астанада қоқыстан тазарту экологиялық жәрмеңкесі өтеді

2018 жылы Астана қаласының қалдықтарын басқару жүйесін жаңғыртуға 5,2 млрд теңге бөлінеді. Барлық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған жерінде құрғақ және дымқыл фракциялар деп бөлінетін болады.

«2 маусымда әкімдікпен «Оператор РОП» ЖШС бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықты бөлек жинауды насихаттау мақсатында «Vпереработку» экологиялық жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Жәрмеңке өтетін аумақта пластикалық қалдықтар, макулатура, шыны құтылары, электрондық қалдықтар мен қолданыстан шыққан көлік құралдарын қабылдау орындары ұйымдастырылады», — деді басқармада.

Сондай-ақ, қоқысты құрғақ фракция бойынша жинау үшін көлемі 1,1 м3 болатын  6 276 сары евроконтейнер мен оларға қызмет көрсететін 25 қоқыс таситын көлік сатылып алынады.

ДереккөзЕlorda.info