Лионель Месси бесінші рет «Алтын бутса» иегері атанды

Мессидің басты қарсыласы, «Ливерпуль» ойыншысы Мохамед Салах Англия чемпионатын 32 голмен аяқтады (62 ұпай). Ал «Барселона» шабуылшысы бұл маусымда лиганың 36 ойынында 34 рет гол салып, 68 ұпайға ие болды.

Айта кетейік, бұл Мессидің мансабындағы бесінші «Алтын бутса». Бұған дейін ол осы марапатқа 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары ие болған еді. Осылайша, 30 жастағы аргентиналық «Алтын бутсаны» бес рет жеңіп алған алғашқы футболшы атанды.

2017/18 маусымындағы «Алтын бутса» рейтингінің үздік ондығы:

1. Лионель Месси («Барселона») — 34 гол (68 ұпай);

2. Мохамед Салах («Ливерпуль») — 32 (64);

3. Гарри Кейн («Тоттенхэм Хотспур») — 30 (60);

4. Роберт Левандовски («Бавария») — 29 (58);

5. Чиро Иммобиле («Лацио») — 29 (58);

6. Мауро Икарди («Интер») — 29 (58);

7. Эдинсон Кавани («ПСЖ») — 28 (56);

8. Криштиану Роналду («Реал») — 26 (52);

9. Жонас («Бенфика») — 34 (51);

10. Луис Суарес («Барселона») — 25 (50).

ДереккөзSport.inform.kz