Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанды

Қазақстандық Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанды

Қазақстандық Самал Еслямова 71-Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Фестивальдар сарайында өтті.

Жеңіске қол жеткізген Самал Еслямова режиссерге алғысын айтты. «Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет», — деді ол.

«Айка» әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: «Кинодвор» атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.

Самал Еслямова

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version