Қол қою рәсіміне облыс әкімі Алтай Көлгінов, «Dunbia» компаниясының негізін қалаушысы Роберт Джон Добсон (Ұлыбритания), «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов мен «Қазақстан ет одағының» ЖКЗТБ-нің бас директоры Мақсұт Бақтыбаев қатысты.
Облыс әкімі ауыл шаруашылығы, әсіресе мал шаруашылығы дамуындағы аймақтың әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті.
«Біз «Crown Batys» мал бордақылау кешенін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүрізетін боламыз. Инвестор аймаққа қаржы құяды, біз ет және ет өнімдер нарығын дамыту мен экспортқа шығару үшін барлық жағдай жасаймыз»,- деді Алтай Көлгінов.
Аталған шара ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен өтті.
Айтак кетсек, «Dunbia» — қызыл ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша жетекші компаниялардың бірі, оның ішінде бөлшек және көтерме саудада сиыр еті, қой еті мен шошқа етін өндіру, жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде тамақтандырумен айналысады. Аталған компанияға Ұлыбритания мен Ирландия елдерінен 25 кәсіпорын кіреді, онда 1 миллионнан астам ірі қара мал және 3 миллионнан астам қой бар. Өндірісте 30 мыңнан астам фермер және 7 мың адам жұмыспен қамтылған. Компания әлемнің әртүрлі елдерінде 50-ден астам өкілдіктері бар. Кәсіпорын тұрақты экономикалық өсімді көрсете отырып, олардың айналым қаражаты 2 млрд евроны құрайды. Dunbia еуропалық нарыққа жоғары сапалы өнім жеткізуші болып табылады, оның ішінде «McDonalds», «Tesko», «Spar», «M&S» ірі сауда желілерімен жұмыс жасайды. Сондай-ақ, компания агроөнеркәсіптік кешенде мамандар дайындайтын еуропалық университеттермен, соның ішінде компания үшін гранттармен жұмыс істейді. «Dunbia» компаниясы өз өнімдерін жақсарту үшін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді арттыру жұмыстарын белсенді түрде инвестициялайды. Негізгі бағыты тұқымдарды асылдандыру, тұрақтандыру режимі мен рационға арналады.