Қайрат Келімбетов халықаралық қаржы мәселесі туралы мәлімдеді

Оның айтуынша, Ғаламдық дамудың стратегиялық картасы бойынша қаржылық зеттеулер Азияға да келіп жетті. Сондықтан Орталық Азияда қаржы орталығын дамыту аса маңызды.

«Бұған қоса, әлемдегі ірі қаржы орталықтарында тенденциялар белең алып, өзгерістер байқалады. Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур қатарлы үлкен төрттіктің жұмысынан олардың бірлестікте екенін аңғарамыз. Сонымен қатар, олардың дамушы елдермен және де Еуропадағы жаңа қалалармен байланыс орнатқандығын байқаймыз. Бұл ретте Астанада халықаралық қаржылық байланысты жандандыру аса өзекті» — дейді Қайрат Келімбетов.

Сонымен қатар, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қазақстан өткен жиырма жылда Лондон, Дубай, Стамбул, Мәскеу сынды қалалармен байланыс орнатуды жолға қойғанын тілге тиек етті. Ендігі меже, халықарылық деңгейде бәсекеге қабілетті болу екенін де ашып айтты.

«Қытай экономикасы өте жылдам дамып келе жатқанын білеміз. Соңғы 40 жылдан бері экономиканың барлық салаларын қамтитын реформалар жүзгізіп келеді. Қытайда қаржы орталығы Гонкогта ғана емес, Синьцзянда да ашылуға дайындық үстінде. Бұл ел біздің орталық үшін Орталық Азиядағы бірінші аялдама болып отыр», — деді Қайрат Келімбетов.

Дереккөзkazinform.kz