«Еліміздің басты ескерткіштерінің бірінде конструкцияның шыны бөлігін жуу, металл тіректерді сырлау, кейбір мәрмәр элементтерді ауыстыру және ауа райының қолайсыздығының салдарынан туындаған кейбір кемшіліктерді түзету сынды жұмыстар жүргізіледі», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, монумент 29 мамырда келушілер үшін есігін қайта ашады. Ескерткіш үзіліссіз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін — 300 теңге, ересектер үшін — 700 теңге.