Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы акушерлік...

Алматыдағы акушерлік ғылыми орталыққа Қытай елінің консулдығы компьютерлер сыйлады

Медицина орталығының директоры Динара Мырзахметованың айтуынша, Қытай консулдығы ғылыми орталыққа құны 2 миллион теңгені құрайтын 10 компьютерді  сыйлаған.

«Шілде айынан бастап қағазбастылықтан құтылып, бірыңғай цифрландыру жүйесіне көшеміз. Осы ретте бұл Қытайдың бас консулы атынан біздің орталыққа көрсеткен үлкен қайырымдылығы болып отыр», — деді ҚР ДСМ Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директоры Динара Мырзахметова.

Орталық басшысы болашақта әріптестік байланысты одан әрі нығайта түсу жоспарда барын айтып өтті.

«Алдағы уақытта білім және ғылым саласында Қытай консулдығымен келісімге келіп, екі жақ мамандарын алмастыру шараларын ойластыру жоспарда бар. Біздің қызметкерлер Қытайға барып, ол жақтың мамандары бізге келіп тәжірибе алмасып жатсақ, жақсы болар еді. Бір-бірімізден үйренеріміз көп деп ойлаймын», — деді Динара Мырзахметова.