Шымкентте құрылыс нормалары сақталмаған нысан иелеріне ескерту жасалды

Шымкентте мемлекеттік құрылыс нормалары мен талаптары сақталмай, заңсыз салынған құрылыс нысандарын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгін арнайы жұмыс тобы қаланың Бәйдібек би даңғылы бойында құрылыс құжаттары жоқ, қызыл сызыққа өтіп кеткен нысандарды аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Қалалық ішкі істер басқармасының анықтауымен Шымкент аумағында мемлекеттік құрылыс нормалары мен талаптарын сақтамай, заңсыз жүргізілген 196 құрылыс нысаны тексеріліп, 106 нысанға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде заңсыз салынған 30 үйді бұзу үшін іс құжаттары сотқа жолданды. Қазіргі кезде 63 нысан иелеріне нұсқау беріліп, 20-сы тексеріліп жатыр», — деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, рейдтік шараға қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының жауапты қызметкерлері қатысты. Сала мамандары нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті құжаттарды дайындауды тапсырды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекітті

Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының тізімін жариялады.

Алматыда қоныс аудару қоры құрылады

Жыл соңына дейін Алматыда қоныс аудару қоры құрылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Сахна сырты: Әуезов театры артистері қойылымға қалай дайындалады?

27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры артистерімен әңгімелесіп қайттық.

Президент: Ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп жатыр.

ОСК мәжілісті сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісін сайлаудың түпкілікті қорытындысын шығарды.

Қазақстанның екі облысында жолдар ашылды

Екатеринбург-Алматы тасжолының екі учаскесінде Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында көлік қозғалысы ашылды.