Астанада Сығанақ көшесі жабылды

Астанадағы Сығанақ көшесі уақытша жабылды. Онда инженерлік желілерді қайта жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. 

©inform.kz

«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын іске асыру (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі аралық) және «LRT» желісінің құрылыс аумағын дайындау аясында Сығанақ көшесінде инженерлік желілерді қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізу көзделген.

Осыған орай 18-26 мамыр аралығында Түркістан және Сығанақ көшесі — Мәңгілік ел даңғылы айырығы арасында жатқан Сығанақ көшесі қозғалыс үшін жабық болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version