Басты бет Жаңалықтар Алматыда интернет саласының дамуы тақырыбында ІХ ортаазиялық форумы өтеді

Алматыда интернет саласының дамуы тақырыбында ІХ ортаазиялық форумы өтеді

Алматыда 2018 жылдың 17-18 мамыры күндері “InternetCA-2018 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” ІХ ортаазиялық форумы өтеді.

© Баспасөз қызметі

Осымен тоғызыншы рет өткізілетін форумға Германия, Чехия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ-дың, дипломаттар, журналистер, сарапшылар, академиялық және бизнес орта өкілдері аймақ ақпараттық кеңістігіндегі БАҚ-тың, қоғамның және мемлекттің рөлдерін талқылай отырып, тың бастамалар мен идеяларды, нақты мысалдар мен құралдарды талқылайтын болады.

“БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық” тақырыбында өтетін форумда төмендегі тақырыптар талқыланбақ:

· Ақпараттық кеңістіктің дамуындағы мемлекет пен қоғамның, БАҚ-тың рөлі
· Шындықты қалыптастырудағы интернеттің әсері
· Цифрлық қауіпсіздік, дербес деректерді сақтау
· Орталық Азиядағы сөз бостандығы, БАҚ мүмкіндіктері
· Аудиторияның медиа сауаттылығы фейк жаңалықтарға, насихатқа қарсы ең
тиімді құрал ретінде.
· Ксенофобия, өшпенділік тілі
· Медиакеңістікті реттеудегі мемлекеттің рөлі

Айта кетейік, форум Астанадағы ЕҚЫҰ Офисі мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version