Басты бет Жаңалықтар Бас прокурор ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесті

Бас прокурор ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесті

Еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов пен Бас прокуратура академиясы ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров жұмыс сапарымен Австрия астанасы Венаға барды. Сапар барысында Бас прокурор Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті.

Кездесуде Жақып Асанов ұйым басшысына жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы өңірлік хаб құрылатынын жеткізді.

Хаб Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау академиясы жанынан құрылады. Онда Орталық Азия мен ТМД елдерінің мамандары қазақстандық әріптестерімен терроризм, экстремизм, заңсыз есірткі тасымалы, адам саудасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп күресу жолдарын игеріп, білімдерін жетілдіреді.

ЕҚЫҰ Бас хатшысы аймақтық хаб жобасын қолдап,  ұйым тарапынан қолдан келген көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version