Басты бетЖаңалықтарАуыл бизнесін...

Ауыл бизнесін дамутыға 26,7 млрд теңге бөлінуі мүмкін

Айта кеткен жөн, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «ҚазАгро» xолдингінің еншілес компаниясы болып саналады. Аталған компания 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясындағы шағын несиелендіруге жауапты. Былтыр шағын несиелерге жалпы сомасы 27 млрд теңге бөлінген болатын. Соның 16,6 млрд теңгесі Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы берілді. Несиелер жұмыссыздарға, өз-өзін жұмыспен қамтып жүргендерге, ауылшаруашылық кооперативтері мен шағын кәсіпкерлік субъектілерге берілді. Осылайша, ауылды жерде 4 638 адам өз кәсібін ашты. Басты талап — кәсіпкерлік дайындықтан өту және тұрақты жұмыс орындарын ашу.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ тарапынан берілген қаражат көлемінен мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жобаларға — 78 пайыз, өсімдік шаруашылығына — 10 пайыз, қалғаны — ауылшаруашылық емес бизнес түрлеріне бөлінді. Бұрын Қор 20 млрд. теңгеге шағын несиелерді беруді жоспарлап отырса, қазіргі уақытта бөлінген қосымша қаражат есебімен, сондай-ақ несие бойынша өтемақы қаражатын ескере отырып, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша ауылдағы кәсіпкерлікті қаржыландыруға 26,7 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде», — делінген Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының жауабында.

Айта кетейік, биыл шағын несиелендіру бойынша бірқатар өзгерістер бар. Атап айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер үшін бір шектеу енгізіліп отыр. Сондай-ақ, несиенің сомасына қатысты бірқатар түзетулер бар.

Дереккөзkazinform.kz