Кең ауқымды сенбілікті өткізіп, қала көшелерін тазартуға көптеген отбасылар, ұжымдар шықты. Олардың арасында қала әкімі Әсет Исекешев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрлан Нығматулин, «НұрОтан», «Ақжол», ҚКХП партиялары парламенттік фракцияларының депутаттары, Мәжіліс аппаратының қызметкерлері де қатысты. Наурқанға қатысушылар 120-ға тарта ағаш көшеттерін отырғызды. Жалпы алғанда шара барысында барлығы 17 313 ағаш егіледі деп жоспарланған.
Айта кетейік, 9 сәуір мен 10 мамыр аралығында елорда аумағынан 4 227,74 тонна қалдық шығарылып, 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында 8 065 ағаш отырғызылды.