Астанадағы «Қазақ елі» монументі күрделі жөндеуден өткізіледі

Алматы ауданы әкімдігінің абаттындыру және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің жетекшісі Руслан Оралтың айтуынша, қазіргі уақытта жөндеу жүргізетін ұйымға конкурстық процедуралар жүріп жатыр. Жеңімпаз анықтадған бойда жұмыс басталуы керек. Себебі монумент қала күніне дейін дайын болуы тиіс.

«Колоннаданың кейбір жеріндегі мәрмәр тастар құлап қалған. Енді бірі құлағалы тұр. Ал су бұрқақтардағы гранитті қаптауға келсек, оның барлығы қалпына келтірілді», — ол.

Айта кетейік, монумент тұрған алаңның бір бөлігі Алматы ауданының әкімдігіне, енді бір бөлігі «Шабыт» шығармашылық сарайына және бір бөлігі «Тәуелсіздік» сарайына қарайды.

Тәуелсіздік сарайы директорының орынбасары  Дулат Қожахметовтың айтуынша, жөндеу жұмыстарына 58 миллион теңге бөлінген. Оған шамамен 400 шаршы метр қабырғадағы керамогранит пен 700 шаршы жер төсемдері жаңартылады.

Ал «Шабыт» шығармашылық сарайы «Қазақ елі» алаңындағы өзіне тиесілі аумақты жөндеуге  3 миллион теңге бөлуді көздеп отыр.

«Біздің проблемамыз бар. Негізінен ол қар жинайтын көліктер мен тиеуіштердің салдарынан туындаған проблема. Жыл сайын қайталанады және қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі. Бұған дейін әкімдік қаржыландырып, бірлесіп жұмыс істеген едік. Енді өз есебімізден жөндейтін боламыз. Бізде жалпы 148 шаршы метр керамогранит зақымдалды. Әлеуетті қызмет көрсетуші анықталысымен келісім жасаймыз. Ол осы аптаның соңына дейін анықталуы керек. Қазір қайта монтаждау жұмысы басталып кетті. Біздің аумақтағы проблемаларды мамыр айының соңына дейін жоюмыз», — деді Елорда Инфо тілшісіне «Шабыт» шығармашылық сарайының әкімшілік шаруашылық қызметі жетекшісінің орынбасары Дінмұхамед Түймебаев.

ДереккөзElorda.info