Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл болып, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысындадауыл, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында тұман болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында тұман болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Алматы облысының кей аудандарында желдің күшеюі 15-23 м/с, күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.