Басты бет Жаңалықтар Шаңды дауылға байланысты бес облыста ескерту жарияланды

Шаңды дауылға байланысты бес облыста ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бес облысында дауыл тұратыны жайында ескерту жариялады.

Көрнекі фото

10-11 мамырда Атырау облысында күн күркіреп, шаңды дауыл, шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

10-11 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Орал қаласында 10-11 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай күтіледі.

10 мамырда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, жел 15-20 м/с күтіледі.

10-12 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі.

11 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, тәулік бойы оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20, екпіні 25 метрлі желдің күшеюі шаңды дауылмен күтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version