«Жаужүрек полк» акциясына шамамен 35 мың адам қатысты

2015 жылы 1500-ден астам ардагердің ұрпақтары алғаш рет «Жеңіс жолымен» жастар жобасы аясында ата-бабаларының портреттерін қолға ұстап, елорданың Жеңіс даңғылы бойымен жүріп өткен. Бұл жобаның басты міндеті – әр отбасыда 1941-1945 жылдардағы соғысты бастан кешкен ата-бабаларын ұмытпай, есте сақтау.

Таңнан бастау Тәуелсіздік алаңына жинала бастаған қала тұрғындары қолдарына соғысқа қатысқан ата-бабаларының портреттерін қолдарына алып сап түзе бастады. Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың сөзінше, бұл жобаның мақсаты – соғысқа қатысып, ұрпақтарына жеңіс сыйлаған аталарымыздың ерлігін мәңгілік есте сақтау.

«Бұл соғыс қазақстандықтардың ешбірін айналып өтпеген. Барлығымыздың ата-бабаларымыз осы соғысқа қатысқан. Атамның айтып отыратындары менің есімде. Атам бұл ерлік ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып, өскелең ұрпақтың есінде мәңгі сақталуы керек дейтін. Бұл тамаша отбасылық дәстүр, өйткені мұнда адамдар өздері келіп, жинала бастайды, аталарының портреттерін алып алдын ала дайындалып, жүріп өтуде. Кейін отбасында айтып отырады. Меніңше, бұл – тамаша жоба», – деді Ермек Аманшаев.

Айта кетейік, «Жаужүрек полк» акциясы алғаш рет 2016 жылы өтті. Сол кезде іс-шараға қатысушылар саны 7000-нан асты. Осы жолғы акцияға шамамен 35 000 адам қатысты.

«Менің екі атам қайтыс болды осы соғыста. Солардың бірі — Григорий Федоров елге соғыстан аяғынан айрылып келді, 1994 жылы өмірден өтті. Ал Степан Федоров ерлікпен соғыста қайтыс болды, оның сүйегі Прибалтикада жатыр. Ол 1944 жылы Қызыл жұлдыз орденін алған. Ал туысқан ағайым Иван Базаров соғыстың басында тұтқынға түсіп, сол жерде оны атып тастаған. Біз барлық отбасымызбен екі ұлым және қызыммен келдік. Бастысы, олар осы аталарының ерлігін есте сақтап, құрметтесе болды», – дейді қала тұрғыны Ирина Базарова.

Дереккөзastana.gov.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Түркияда президент сайлаудың екінші кезеңі басталды

Түркияда 28 мамырда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00-де президент сайлауының екінші кезеңі басталды.

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 26 мамырға арналған бағамын белгіледі.

Алматының үш ауданында уақытша ыстық су болмайды

Алматыда Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда уақытша ыстық су болмайды.

Елімізде алдағы үш күнде күн құбылмалы болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 мамыр мен 1 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады. 

Мәдениет саласының қызметкерлері қосымша төлем алады

Қазақстанда балет, би ансамбльдерінің, мемлекеттік цирк артистері мен үрмелі аспаптар оркестрлерінің музыканттары ай сайын әлеуметтік көмек алады.

Қазақстанда киік саны 1,9 миллионнан асты

Қазақстанда киік саны 1,9 миллионнан асты. Бұл туралы ЕcologyofQazaqstan Telegram-каналы хабарлады.