Семейде алғаш рет жаяу жерүсті жүргіншілер жолы салынды

Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 70 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Жаңа жер үсті жаяу жүргіншілер жолына №6 мектеп-гимназиясы, драма театры және екі автобус аялдамасы жақын орналасқан.

Жерүсті жаяу жүргінші жолын салу туралы шешім осыдан біраз уақыт бұрын қабылданған болатын. Ол тұрғындардың жол жүруін жеңілдетіп, автокөліктердің жүру аясын кеңейтіп, ең бастысы мектеп оқушыларынан бастап жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Шыныдан жасалған жүргінші жолының барлық жері — жабық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға лифті орнатылған.  Айта кетейік, жерүсті жаяу жүргінші жолының құрылысы үш жыл бұрын басталған. Жобаға қажет қаражаттың жетпеуі себебінен құрылыс жұмыстары бірнеше рет тоқтап қалған болатын.

Дереккөзinform.kz