Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда ең...

Қазақстанда ең көп жалақы алатын маман иелері анықталды

Қазақстандықтардың сатып алу қабілетінің 2015 жылдың І тоқсанынан бері алғаш рет өсіп отырғанын айта кетуіміз керек.

ҚР бойынша ең көп орташа жалақы Маңғыстау облысында. Аталған аймақта орташа жалақы көлемі бір жыл ішінде 14% өсіп, 282 мың теңгеге жетті. Сондай-ақ, жалақы бойынша лидерлер қатарына Атырау облысы (279,9 мың теңге, +9,2%), Астана (223,5 мың теңге, +9,9%) және Алматы (187,8 мың теңге, +4,4%) қалалары кірді.

Ең көп жалақыны сақтандыру және қаржы саласындағы мамандар (І тоқсан қорытындысы бойынша 299 мың, бір жылда +2,8%) алып жүр. Сондай-ақ, бұл тізімде ғылыми және техникалық салада жүргендер (255,1 мың теңге, бір жылда +7,2%) бар.

Өнеркәсіп саласындағы мамандардың орташа жалақысының көлемі 223,3 мың теңгеге (бір жылда +11%) жетті. Алайда кен өндіру саласындағы жұмысшылар бірден 366,2 мың теңге алады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13% көп.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың орташа жалақысы 149,7 мың теңге немесе 459 АҚШ доллары болған еді.

Дереккөзbaq.kz