Қанат Ислам кезекті рет нокаутпен жеңіске жетті (видео)

Жекпе-жектің алтыншы раундында нокдаун алып, есеңгіреп қалған колумбиялық боксшы кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Қанат Ислам кезекті рет нокаутпен жеңіске жетті (видео)

«Қазақстан» арнасының тікелей эфирінде көрсетілген жекпе-жектен соң Қанат Ислам жанкүйерлері мен спорттағы қолдаушысы Бауыржан Оспановқа алғыс айтып, «Қазақ елі тыныш болсын» деген тілегін жолдады.

Қанат Ислам осылайша кәсіби бокстағы 21-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Нокауттар саны — 18. Боксшының жекпе-жегі телеарна арқылы қазақ жанкүйерлеріне алғаш рет көрсетіліп отыр.

«Қазақ» лақап атымен танымал Қанат Ислам Бейжің Олимпиадасына Қытай атынан қатысып, қола жүлдегер атанды. 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алған ол кәсіби рингте сәтті өнер көрсетіп келеді.

Дереккөзnur.kz