Бүгін қызғылт жейде күні

Әлем халықтары Қысым көрсетуге қарсы күнді жыл сайын қызғылт жейде немесе футболка киіп атап өтеді. Неге қызғылт жейде? Себебі, 2007 жылы Канададағы бір мектепте Чарльз Макнилл деген оқушыны мектепке қызғылт жейде киіп келгені үшін сыныптастары соққыға жыққан. Осы оқиғадан кейін сол мектепте оқитын Дэвид Шеперд пен Трэвис Прайс мектепке он шақты қызғылт жейде алып келіп, сыныптастарына киюді өтінген. Бұл олардың қысымға, әлімжеттікке көрсеткен қарсылығы еді.

2012 жылдан бастап, бұл күнді 25 мемлекет қолдап үлгерген.

Статистикаға сәйкес, мектепте оқу кезінде әрбір төртінші жасөспірімге қысым көрсетіледі. Балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың ең көп таралған себептерінің бірі — құрдастары тарапынан қысымның жасалуы.