Басты бетЖаңалықтарМәскеуде институт...

Мәскеуде институт терезесінен құлаған Томирис Байсафа қайтыс болды

Биыл сәуірде қыз бала МГИМО аудиториясындағы терезеден құлап кеткен еді.

«4:00-де ол қайтыс болды», — деді басылымға Склифосовский ғылыми зерттеу орталығының өкілдері.

Сәуірде тергеушілер студент қыздың МГИМО ғимаратының терезесінен құлап кеткеннен кейін іс қозғаған. Тергеу мәліметінше, қыз бала 1997 жылғы. Құлағаннан кейін оны дереу ауруханаға жеткізген.

Бұл оқиға 13 сәуірде болған. 21 жастағы Томирис Байсафа МГИМО төртінші курс студенті. Ол үзіліс кезінде төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Оның көптеген жері сынған еді. Оқиға оқу орнының екінші бір студенті Мұртазәлі Меджидовпен әңгімелескен соң болған. Куәгерлердің сөзінше, бұл жайтқа Мұртазәлімен ренжісіп қалған соң барған болуы мүмкін. Меджидов – Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы. РФ тергеу комитеті «Өлімге дейін әкелу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.