Басты бет Жаңалықтар АҚШ-та Қытай смартфондарына тыйым салынды

АҚШ-та Қытай смартфондарына тыйым салынды

"Huawei және ZTE қытайлық компаниялардың смартфондары қауіпсіздікке қатер төндіреді" деген себеппен АҚШ-тың әлем бойынша барлық әскери базаларында бұл смартфондарға тыйым салынды.

Фото ашық дереккөзден

Мәлімдеме жасаған Пентагонның өкілі Дейв Истберннің айтуынша, сматфондар сатылымын тоқтату туралы бұйрық 27 сәуірде берілді. Бұдан басқа, интернет модемдер мен өзге де мобильді байланыс құралдарына шектеу қойылды.

Дегенмен әскери ведомствоның қызметкерлеріне оларды жұмыс мақсатында одан ары пайдалануларына тосқауыл қойлымады. Бірақ, Пентагон қытай смартфондарымен байланысты қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп туралы ұмытпау керек деп отыр.

Министрлік оның дәл қандай қауіп екенін түсіндірмеген.

Айта кетейік, 14 ақпанда АҚШ-тың арнайы қызметі америкалықтарға Huawei қытай сматрфондарын қолдануға кеңес бермейтінін хабарлаған. Америкалық тарап гаджеттерді өндіруші және ZTE телекоммуникация компаниясы ҚХР үкіметіне жұмыс істейді деп сезіктенеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version