Қай батырдың есімі эпостық жырларда кездеспейді?
"Қамбар батыр", "Алпамыс батыр" және "Ер Тарғын" эпостық жырлары қазақ ауыз әдебиетінде бар.
"Қанатты қыз" атанған қазақтың батыр қызы?
300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова Ұлы Отан соғысы кезіндегі теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған.
Қазақстанның Жоғарғы Бас қолбасшысы кім?
Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алған.
Қай батыр Ұлы Отан соғысына қатыспаған?
Амангелді Иманов ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі батыр. Ол азамат соғысы жылдарында Ә.Жангелдинмен бірге Қазақстанда тұңғыш ұлттық Қызыл Әскер бөлімдерін ұйымдастырған.
Ұлы Отан соғысы кезінде Талғат Бигельдинов мінген ұшақты қалай атаған?
Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған.
Қайсысы қазақ батырына жатпайды?
Манас батыр туралы жыр қырғыздарға тиесілі.
"Тәртіпке бағынған құл болмайды"-Қанатты сөздің авторын табыңыз.
"Халық Қаһарманы" атағына ие болған адамды көрсетіңіз.
Қайрат Рысқұлбеков - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. Ол Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Қазақстандықтар қай соғысқа қатыспаған?
Жүзжылдық соғыс Англия мен Францияның арасында болған. Қазақстан бұл соғысқа қатыспаған.
Қай қанатты сөз Бауыржан Момышұлыныкі емес?
"Тәуелсiздiктiң тар жол, тайғақ кешуiнен, беттен қағар желiнiң есуiнен тайсалмауға тиiспiз". Бұл қанатты сөздің авторы - Нұрсұлтан Назарбаев.
Әлеуметтік желіде бөлісу: