Басты бет Қоғам Қарағанды облысында 88 отбасы баспаналы болады

Қарағанды облысында 88 отбасы баспаналы болады

Қарағанды облысының Нұра ауданында соңғы 5 жылда бірде-бір үй салынбаған екен. Үй кезегінде тұрғандар саны 400-ден асып кетті. Тек биыл ғана қазынадан 700 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жақында 88 отбасы баспаналы болады.

Көрнекі фото

«Қаражат бөлінбей, тағы да басқа себептермен үйлер салынған жоқ. Сондықтан біраз кезек өсіп кетті. Оның ішінде жетім қалған балалар, ардагерлер, көпбалалы аналар, жағдайы қиын жанұялар бар. Осылардың барлықтарын үймен қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Сол міндетті орындаймыз деп ойлаймыз», — деді Нұра аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жанат Әшімов.

Жыл соңына дейін аудан орталығы Нұра кентінде 24 пәтерлі көпқабатты екі үй және екі пәтерлі 20 үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі. Бұған қоса келесі жылы бірінші рет «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 13 ауылда 13 үй салынғалы отыр. Сонымен қатар 2019 жылы кенттегі тағы 20 отбасы қоныс тойын тойлайды деген жоспар бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version