Елбасы жерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу мен оны түсіндіру кезіндегі кемшіліктерді сынға алды.
«Елге ешқандай ауылшаруашылық жері сатылмайтынын түсіндіру керек еді. Сондықтан мұнда спекуляция болды. Яғни, тиісті топтарға бұл нормалар толық жетпеді. Алайда, заңды қабылдау мен нормалары қоғамда талқылауға түспеді, адамдардың қауіптенуі, дабыл қағуы ақталды. Егер біздің азаматтар мұны түсінбесе, қабылданған шешімдерге сенімсіздік танытса, яғни, бұл дұрыс болмағаны. Біз барлығын адамдар үшін жасап отыр емеспіз бе? Яғни, қоғамда осы мәселеге қатысты заңнамаларға енген өзгерістерге күдік туды», — деді Елбасы.
https://www.youtube.com/watch?v=MFO_kcPJKVw
https://www.youtube.com/watch?v=lY6kGIbLiKk
Естеріңізге салсақ, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен жиын өтуде. Оған Үкімет жетекшісі мен мүшелері, Президент әкімшілігінің лауазымды тұлғалары мен басқа да мемлекеттік орган басшылары қатысуда.
Ее не болсада сенемиз енди. Бир жылдан кейн жерди игермединдер деп сатуга коймаса жарар еди. Алиптин артын багайык ендии…
1999 жылы 99 жылға жалға беруге заң шықты дейді, 25 жылға беретін кезде бұндай бунт шығарып отырсыңдар, жерді берсе ауыл шаруашылығын дамытқысы келді
Өте дұрыс болған екен. Халықтың тілегі қабыл болды. Рахмет сіздерге!!! Қуаныштымын!!!
Жерди бермегенинизге рақмет !!!
бул дурыс шешим
Дұрыс шешім! Қазақтын жерин жалға бермегенизге үлкен рахмет!
Елбасының бұл шешімі дұрыс, жерді сату мүлдем дұрыс емес, шетелдіктерге жалға берсек, онда жұмыс жасайтын азаматтар кілең өзіміздің азаматтар болуы қажет! осы арқылы жаңа мамандарды тәрбиелейміз, ертеңгі күні олар да ауыл шаруашылығын дамытуға күш салады. Ал шетелдік азаматтар мұнда келсе, бізге одан қандай пайда бар? өзіміздің мамандар жұмыссыз отырса