Басты бетВидеоНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев жер сату мен жалға беруге тыйым салды

Елбасы жерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу мен оны түсіндіру кезіндегі кемшіліктерді сынға алды.

«Елге ешқандай ауылшаруашылық жері сатылмайтынын түсіндіру керек еді. Сондықтан мұнда спекуляция болды. Яғни, тиісті топтарға бұл нормалар толық жетпеді. Алайда, заңды қабылдау мен нормалары қоғамда талқылауға түспеді, адамдардың қауіптенуі, дабыл қағуы ақталды. Егер біздің азаматтар мұны түсінбесе, қабылданған шешімдерге сенімсіздік танытса, яғни, бұл дұрыс болмағаны. Біз барлығын адамдар үшін жасап отыр емеспіз бе? Яғни, қоғамда осы мәселеге қатысты заңнамаларға енген өзгерістерге күдік туды», — деді Елбасы.

Естеріңізге салсақ, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен жиын өтуде. Оған Үкімет жетекшісі мен мүшелері, Президент әкімшілігінің лауазымды тұлғалары мен басқа да мемлекеттік орган басшылары қатысуда.