Басты бет Білім Ағылшын тіліндегі фильмдерді субтитрмен көруге мүмкіндік беретін 10 сервис
Ағылшын тілін үйрену
Көрнекі сурет

Ағылшын тіліндегі фильмдерді субтитрмен көруге мүмкіндік беретін 10 сервис

Фильмдер мен сериалдарды тамашалау арқылы тілді тез үйренуге болады. Себебі оларда адам өміріндегі ең көп қолданыстағы диалогтар жинақталған. Алайда тілді енді үйренушілерге фильмдерді субтитрсіз көру қиынға соқпақ. Назарларыңға пайдалы 10 сервисті ұсынамыз.

1. Puzzle English

  • Платформа: веб.
  • Бағасы: жылына 2 990 рубль.

Puzzle English — ағылшын тілін үйренуге арналған топтамалы сервис. Дәрістер, жаттығулар мен ойындардан бөлек, мұнда ағылшын тіліндегі 46 сериал мен 512 фильм жинақталған. Олардың барлығын жылдық жазылымнан кейін онлайн көре аласыз.

Где смотреть сериалы и фильмы на английском с субтитрами: Puzzle English
Скриншот

Сервис видеоны екі тілдегі субтитрмен көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ оның жылдамдығын арттырып немесе баяулатуға болады. Видео сапасы орташа, Full HD-ден төменірек. Қолданушылар үшін арнайы «аудармашының» қызметі бар. Қажет сөздің үстінен шертсе, сөз аударылады. Таныс емес сөздерді жеке сөздікке жинап отыруға болады. Кейін сол сөздерге қатысты жаттығулар орындай аласыз.

Puzzle English →

2. Ororo.tv

  • Платформа: веб.
  • Бағасы: тегін немесе айына 299 рубль.

Жоба каталогында ағылшын тіліндегі 3 000 астам фильмдер мен сериалдар бар. Олардың қатарынан соңғы шыққандарды да, ескі фильмдерді де таба аласыз.

Где смотреть сериалы на английском с субтитрами: Ororo.tv
Скриншот

Бір мезетте бірнеше тілдегі субтитрді қоса аласыз. Сондай-ақ видео жылдамдығын да басқаруға болады.

Тәулігіне 45 минут видео көріп, 50 сөзді тегін аудара аласыз. Одан кейінгі қызметтерді ақы төлеу арқылы қолдануға болады. Жазылушылар видеоларды онлайн ғана емес, интернет жоқ кезде де видеоны жүктеу арқылы көре алады.

Ororo.tv →

3. Hamatata.com

  • Платформа: веб.
  • Бағасы: тегін

Сервистің негізі ерекшеліктерінің бірі: мұнда өзінің меншік контенттері жоқ. Тек өзге ресурстардан видеоларды жүктей аласыз. Оларға жүктелген соң субтитр қосылады.

Где смотреть сериалы и фильмы на английском с субтитрами: Hamatata.com
Скриншот

Hamatata.com Яндекс, Google сервистерін қолданады. Бұдан өзге де аударма жүйелерін пайдалануға болады. Оның ішінде LinguaLeo сөздігі де бар. Сервистің барлық қызметтері тегін.

Hamatata.com →

Дәстүрлі видеосервистер

«Google Play Фильмдері», iTunes, Netflix, ivi және Okko сервистерінің видеоконтенттері де ағылшын тіліндегі фильмдер мен сериалдарды субтитрмен көрсетеді.

Сервистерге байланысты олар тегін немесе ақылы болуы мүмкін. Бірақ түгелдей дерлік видеоны Full HD-де көрсетеді.

4. iTunes

  • Платформалары: macOS, iOS, Windows, Apple TV.
  • Бағасы: әр фильм мен сериалдың бағасы әртүрлі.

iTunes барлық Apple құрылғыларына қолжетімді. Windows қолданушылары арнайы клиент орнатып барып қана видео көре алады.

iTunes-ті компьютерге жүктеу →

5. Google Play Фильмдері

  • Платформалар: веб, Android, iOS, Smart TV.
  • Бағасы: әр фильм мен сериалдың бағасы әртүрлі.

Google көрермендерге фильмдердің үлкен жинағын ұсынады. Бағалары iTunes-тен қарағанда арзанырақ.

6. Netflix

  • Платформалар: веб, ойын приставкалары, Android, iOS, Windows, Smart TV, Apple TV.
  • Бағасы: айына 7,99 евродан басталады.

Халықаралық видеоверис эксклюзивті сериалдарын ұсынумен қолданушылар арасында танымалдылыққа ие.

Netflix

7. ivi

  • Платформалар: веб, Smart TV, Apple TV, Android, iOS, ойын приставкалары.
  • Бағасы: жарнамасымен тегін; айына 399 рубльге жазылуға болады; жеке фильмдерді сатып алуға болады.

ivi →

8. Okko

  • Платформалары: веб, Smart TV, Android, iOS, ойын приставкалары.
  • Бағасы: айына 249 рубльден басталады; фильмдерді жекелей сатып алу мүмкіндігі бар.

Okko — видеоларды ағылшын тілінде ұсынатын ресейлік сервис.

Okko →

9. Popcorn Time

  • Платформалар: Windows, macOS, Android, iOS, Linux.
  • Бағасы: тегін.

Popcorn Time — кросс-платформалы қосымша. Торрент-клиент принципімен жұмыс істейді. Бір артықшылығы: контентті құрылғы жадына жүктелгенше күтіп тұрмайсыз. Popcorn Time трансляцияны Play шерпесіне басқаннан кейін бірден қосады.

Где смотреть сериалы и фильмы на английском с субтитрами: Popcorn Time
Скриншот

Сервисті Google Play мен App Store-дан таба алмайсыз. Сол себепті оны смартфонға басқа тәсілдермен қондыруға тура келеді. Android-нұсқасын сервистің ресми сайтынан орнатуға болады.

Ал iOS қосымшасы үшін компьютерге инсталлятор орнатып, соның көмегіменi іPhone немесе iPad құрылғыларына орната аласыз.

Popcorn Time торрент-трекерлер тәрізді контенттерді заңсыз қолданады. Оны пайдалану арқылы сіз де авторлық құқықты бұзуыңыз мүмкін. Сондай-ақ сервис сіз тұратын аймақ үшін тыйым салынған контентті де ұсынуы мүмкін.

Popcorn Time →

10. Торрент-трекерлер

  • Платформалар: Windows, macOS, Android, Linux.
  • Бағасы: тегін
Где смотреть сериалы и фильмы на английском с субтитрами: Торрент-трекеры
Скриншот

Егер ағылшын тіліндегі видеоларды құрылғыңызға орнатқыңыз келсе, торрент-трекерлерден фильмдер мен сериалдарды жүктей аласыз. Ол үшін файлдарды іздеу сервистері (Skytorrents, TorrentSeekerXTORX немесе басқалары) және uTorrent  бағдарламасы керек. Егер жүктелген видеоларда субтитр болмаса, оларды Opensubtitles тәрізді ресурстар арқылы тарта аласыз. Екі тілдегі субтитрді KMPlayer сияқты плеерлер көмегіне жүгіну арқылы көруге болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!