Ресей опат болған A321 ұшағына теракт жасалғанын мойындады

Бұл жайында ол бүгін Кремльде Ресей президенті Владимир Путиннің басшылығымен өткен ұшақ апатын тергеу қорытындысы туралы жиында айтқан.

“Біздің мамандардың бағалауы бойынша, әуе кемесінің бортында ұшу барысында жарылғыш зат іске қосылып, салдарынан ұшақ әуеде бөлшектенген. Ұшақтың кей бөлшектері шалғай жерлерде шашылып жатқанын осылайша түсіндіруге болады”, – деген Бортниковтың сөзін РИА Новости жариялады.

Бортников бұл мәлімдемесін Синайдағы Ресей ұшағы құлауының себептерін зерттеу қорытындыларын талқылайтын кеңес барысында жасады.

“Мұны террорлық акт деп айтуға әбден болады”, – деп қосқан Бортниковтың сөзін Азаттық хабарлады.

Cонымен бірге ресейлік арнайы қызметтер А321 бортындағы лаңкестікке қатысы бар адамдар туралы мәлімет үшін 50 миллион доллар сыйақы жариялады, деп жазды Қазақстан жаңалықтары.

“Федералдық қауіпсіздік қызметі ресейлік және халықаралық қоғамға лаңкестерді анықтауға атсалысуды сұрайды. Қылмыскерлерді ұстауға септігін тигізетін мәлімет бергені үшін 50 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы төленеді”, — деп хабарлады сейсенбіде РФ ФҚҚ қоғамдық байланыстар орталығы.

Еске сала кетсек, 31 қазанда Шарм-эш-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке ұшып шыққан Airbus A321 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 224 адам түгел қаза тапқан. Апаттан соң ұзамай “Ислам мемлекеті” экстремистік ұйымының Мысырдағы бөлімшесі ұшақтың құлауына қатысы барын мәлімдеген.

Әуелде Ресей мен Мысыр билігі ұшақ техникалық ақаудан құлаған деуден танбаған. Ал Батыс елдерінің арнайы қызметтері ұшақ бортында жарылыс болған деген болжам айтқан.

Дереккөзnur.kz