Джиббинг
Джиббинг – ағаштан, металдан арнайы дайындалған фигуралар үстінде секіру, сырғанау ойыны. Бұл ойын үшін арнайы беткі жағы сырғып кетпейтіндей, ойықтары бар арнайы аяқ-киімдер қолданылады. Бүгінде бұл спорт түрлеріне ролик тебу, скейтбордта, сноубордта ойнау жатады және жарыстар бар. Бұл ойын барлық маусымдық ойын. Атап айтқанымыз жазғы, күзгі, көктемдік нұсқалар болса, ал қыстық нұсқасына шаңғымен және сноубордпен сырғанау жатады. Джиббинг қазіргі кезде Американың жаңа мектептерінің ең көрнекті пәндерінің бірі.
Херлинг
Бұл спорттық ойын Ирландияда өте танымал. Херлинг ойынын қалай сипаттауға болады? Бұл бейсбол, хоккей және футбол ойындарының бірігуінен шыққан. Ойында допты қарсыластың қақпасына тастау үшін арнайы қажет таяқтарды пайдаланады. Ең көп ұпайға ие болған команда жеңіске жетеді. Ойын 2 мың жыл бұрын пайда болған. Ирландияда мереке болған кезде, бұл ойынға бірден 100-200 адам, ал кейде бұданда көп адамдар ойнайды. Бір ойын кейде бір күннен артық уақытқа созылады.
Бесінші ғасырда Ирландияда хёрлинг таяқшасы мен добы адамдардың өліміне, жарақаттануына себеп болды.Ағылшындар 12 ғасырда Ирландияны басып алғаннан кейін бұл ойынды ойнауға тыйым салған. Алайда осы тыйымдар ойынның дамуына нұқсан келтірмеді. 18 ғасыр хёрлинг ойынының алтын ғасырына айналды. Көптеген жерлер осы ойынды ойнай бастады.
Бузкаши
Моңғол елінің жауынгерлерін дайындау мақсатында пайда болған «Бузкаши» ойыны – «Көкпар» ойынына ұқсас келеді. Қазіргі таңда Тәжікстан және Ауғанстан аумағында кеңінен тараған. «Бузкаши» сөзі, «буз» — ешкі, «каши» -қашу, алып қашу деген мағына береді. Ойында жылқы мен серке пайдаланылады. Яғни ойыншылар жылқының үстіне мініп, серкені алаңның екі шетінде орналасқан қазанға салу керек. Ойын екі кезеңнен тұрады және ойын арасы 20 минуттан. Көкпар ойынынан ерекшелігі – серкенің артқы сирақтарын кеспейді, тіпті кей аймақтарда серкенің төрт сирағын да бүтін қалдырып, көкпар тартады.
Шахбокс
Шахбокс 2003 жылы, яғни 21 ғасырда пайда болған жаңа спорт түрі. Бұл ойын шахмат пен бокстың қосындысы. Шахбокстың концепциясы Энки Билалдың «Froid-Equateur» роман-комиксіне негізделіп жасалған. Кейін Ипе Рубинг бұл қиялды шынайы іске асырды. Ойын 11 раундтан тұрады. Шахматта әр ойыншыға 12 минут беріледі. Бір шахмат раунды 4 минуттан, ал бокс раунды 3 минуттан болады. Жеңімпаз ойында болған нокаутқа немесе мат қоюға байланысты анықталады. Шахмат ойынында тең түсіп, бокста нокаут болмаса, онда бокстағы ұпай санымен жеңіс беріледі. Егер бокста теңдей түсіп қалса, онда қара фигурамен ойнаған ойыншы жеңімпаз атанады.
Скибоб
Бұл қысқы спорттың ең қауіпті түрі. Скибобтың ерекше ережеліне жоғары биіктіктен төменге қарай түсу керек. Алайда шаңғы немесе сноубордпен емес, велосипед тебуіңіз басты шарт болып табылады. Экстремалды спортты жақсы көретін көптеген адамдар осы ойында бақтарын сынап, қатсып жатады. Бұл спорттың пайда болғанына шамамен 100 жыл болды.
Боссабол
Барлығымыз волейбол ойынын жақсы білеміз. Аталмыш ойын волейбол ойынының аздап қиындатылған түрі. Яғни бұл ойында керекті құралдардың бірі – батут. Боссабол ойыны тек стандартты ережелерді ұстанып қана қоймай, сонымен қатар түрлі қызықты трюктерді де атқара алады. Бұл спорт түрі Бразилия мемлекетінде кеңінен таралған.
Джай-алай
Егер сіз Испанияға барғыңыз келсе, онда бұл спортты тамашалауыңызға болады. Қазіргі кезде басқа елдер де біртіндеп Джай-алайға қызығушылық танытуда. Бұл жер бетіндегі ең жылдам спорт түрі деп айтуға болады. Джай-алай ойыны бадминтон мен гандбол ойындарынын бір арнаға тоғысқан түрі. Ойындағы доп үлкен жылдамдықпен сағатына 300 километрге жетеді. Ойынның басты шарты: ракеткамен қарсылас жақ қабырғаға доп соғу. Ал қарсылас адам допты жерге тигізбей ұстап алуы шарт.
Хорнуссен
Енді біз Швейцария аумағына көшеміз. Хорнуссен спорттың екі түрі – бейсбол мен хоккейді біріктіреді. Бұл ойын «хорнусс» деп аталатын резеңке доптың көмегімен ойналады. Бірінші команда қарсыластарына ағаш таяқпен хорнуссты лақтырады. Ал қарсылас команда өз кезегінде арнайы ракетканың көмегімен допты қағып алу керек. Егер допты ұстап алса жеңіске жетеді, ал керісінше болған жағдайда ұпай бірінші командаға беріледі. Бұл ойын фермерлердің сүйікті ойындарының бірі.
Керлинг
Бұл спорт 1998 жылы Олимпиадаға ресми түрде енгізілген. Керлинг ағылшын тілінен «curling, curl» айналдыру деген мағынаны білдіреді. Гэль футболына арналған алаңда өткізілетін көгалдағы хоккейге ұқсас ирландықтардың байырғы ойыны. Ойын ережесінде — мұз үстінде салмағы 20 килограмм болатын тастың алыс баруына мән беріледі. Яғни тастың алдын тазалап, жылтыратып, траекториясын өзгертіп отыру керек. Шотландияда бұл спорт түрін 16 ғасырдан бері ойнайды. Қазіргі таңда керлинг ойыны олимпиада ойындарының қатарына кіреді.
Кабадди
Кабадди ойыны осыдан 4 мың жыл бұрын пайда болған. Бұл спорт түрі Үндістан мен Пәкістан мемлекеттерінде кеңінен таралған. Бүгінгі таңда Кабадди ойыны ресми түрде Азия ойындарына енгізілген. Ойын үшін екі команда қажет. Әр командада 7 адамнан болу керек. Өрістің екі бөлігі сызықпен бөлінеді. Бұл бөліктер командалардың аумағы. Яғни алаңға екі топ шығып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Ереже бойынша өзің ұсталып қалмай, қарсылас топтың ойыншыларына қолыңды тигізіп, дауыстап «Кабадди» деп айту керек. «Кабадди» сөзі «дем алмау» деген мағынаны білдіреді.