«Ректорды ешкім жұмыс орнынан босатқан жоқ. Кеше жағдайға қатысты (жалған сертификат оқиғасына — ред.) қажетті ақпараттарды алдық», — деп жауап берді ол министрлік алқасының кеңейтілген отырысында журналистердің сұрағына жауап бере келе.
Министрдің айтуынша, жалған IELTS сертификатымен келгендер елордалық медуниверситетте оқымаған. Олардың жоғары білімі болған және ағылшын тілін білу міндеттелетін магистрлік, резидент немесе докторлық дәреже алу үшін медициналық университетке түскен.
Біртанов әшкере болған студенттердің азаматтық құқықтары шектелмейтінін атап өтті. Олар әлі де жоғары білім ала алады, бірақ, білім беру гранты байқауына қатыса алмайды.
«Соттың қандай да бір шешімдері болмаса, мұнда ешқандай шектеу жоқ. Шет тілін білу деңгейі кеше енгізілген жоқ, қазір мамандардың басым бөлігі ағылшын тілін жетік меңгерген. Ағылшын тілін білу талабы маманның одан әрі дамуына, сирек мамандықтарды меңгеруіне және ғылыми атақ алуына қажет. Біздің ұстанымымыз өте қатаң. ЖОО-дан кейінгі білім алуда студенттердің ағылшын тілін білу міндетінің сақталуын талап етеміз», — деді министр.
Еске сала кетсек, «Астана» медициналық университетінде дау шыққан болатын. Мұнда магистратура, резидентура және докторантураға оқуға түсу кезінде қолдан жасалған IELTS сертификаттарын қолданғаны үшін 117 студент оқудан шығарылды.
Астана полициясы жалған IELTS сертификаттарын сатқандарды анықтады.