Басты бет Жаңалықтар Талдықорғанда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жүйелі жолға салынды

Талдықорғанда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жүйелі жолға салынды

Бүгін облыстық жастар ресурстық орталығында Талдықорған қалалық әкімдігіне қарасты «Ақпараттық аналитикалық орталық» КММ-нің ұйымдастыруымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында талдықорғандық «жылдам жеңістер» атты пилоттық жобалардың таныстырылымы өтті. Онда робототехникалар, 3D принтер, арнайы мектепке дейінгі, орта және жоғары оқу орындарына арналған интерактивті парталар және осы аппараттарға қосымша сенсорлы интерактивті тақталар қойылды. Бұл туралы өңірлік баспасөз қызметі хабарлайды.

© Өңірлік баспасөз қызметі

Аталған таныстырылымға қалалық білім бөліміне қарасты мектептегі информатика, еңбек, физика ммұғалімдері қатысты. Сонымен қатар, пилоттық жобалар енетін мектептерде оқитын оқушылар да семинарға қатысуға мүмкіндік алды.

Алғашқы болып сөз алған Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев: «Бүгінгі таныстырылымы өткелі жатқан жобалар алдағы уақытта оқушылармыздың білімге деген құштарлығын арттыратынына кәміл сенеміз. Өйткені «Цифрлы Қазақстан» адам білімін ары қарай ұштастыру үшін жасалуда», — деді.

Ал Алматы қаласынан арнайы келген «Транстелеком» және «Алматытранстелеком» мамандары жоғарыда айтылған құрылғыларды таныстырып, әрбір нысанның қандай пайда әкелетініне жете тоқталды.

Мұқият тыңдап отырған мұғалімдер мен оқушылар таныстырылымның соңында әр құрылғыны ұстап, қалай пайдаланатынына көз жеткізуге мүмкіндік алды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version