Қазақстандық Владимир Седов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын иеленді

94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Владимир Седов 386 келі салмақ нәтижесімен алғы шықты (175+211), қосымша алтын медальге ие болды.

Еске сала кетсек, кеше жерлесіміз Денис Уланов (85 келі) алтынға қол жеткізген болатын.

Айта кетерлігі, Седов үшін бұл Азия чемпионаты екінші лицензияланған турнир болып саналады. Осылайша, ол  Рио-де-Жанейрода ағымдағы жылдың тамызында өтетін Олимпиадаға қатыса алады.

Седов — 2009 жылғы әлем чемпионы. Ол, сонымен қатар 2014 жылы әлемдік бірінішіліктің «күміс» медалін еншілеген. 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада Седов 85 келі салмақ дәрежесінде төртінші орынды иеленген болатын.