Басты бетЖаңалықтар«Қызылорда-Жезқазған» жолы...

«Қызылорда-Жезқазған» жолы құрылысына қаржы 2020 жылы бөлінеді

Отырыс барысында министрден 427 шақырым болатын «Қызылорда-Жезқазған» автожолын жөндеу жұмыстары қашан басталатындығы сұралды.

«Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 4 мың шақырым республикалық маңыздағы жолдарда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Оған қомақты қаржы бөлінді. Оның негізгілері арасында «Нұрлы жол» бағдарламасына енген үш бағыт бар. Ал келесі жобалардың тізіміне «Қызылорда-Жезқазған» жолы кіреді. Бұл жобаларға бюджетті 2020 жылдан бөлеміз деп көздеп отырмыз. Қазір бюджетте мұндай мүмкіндік жоқ», — деді Жеңіс Қасымбек.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осы жол учаскесін салу жұмыстарына шамамен 3 жыл кететіні айтылған еді.

Дереккөзkazinform.kz