Басты бет Таным Жадты жақсартуға арналған 10 әдіс
Иллюстрация: Бекзат Исамберген

Жадты жақсартуға арналған 10 әдіс

Кейде адам жады көп ақпаратты еске түсіре алмай қалады. Жадты жақсартудың қандай тиімді әдістері бар?

Тез ойлау мен жадты жақсарту үшін күнделікті тамақтану режимін өзгерту керек. Сонымен неден бастау керек?

1. Қантты аз қолданыңыз

Қантты жиі қолдану есте сақтаудың бұзылуына, ми көлемінің төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, қантты диабетке ғана емес, атеросклероз бен жүрек қан тамырлары сырқаттарына әкеліп соқтырады. Артық желінген қант зат алмасуын бұзып, қандағы холестериннің мөлшерін арттырады, ішектегі микробтардың витаминдерді, әсіресе организмге қажет В12 витаминін синтездеу қабілетін төмендетеді.

2. Тамақтану рационына балық майын қосыңыз

Балық майы омега-3 қанықпаған майлы қышқылдарға бай. Адам денсаулығы үшін балық майы пайдалы. Атап айтқанда, жүрек-қан тамырларының қаупі, шаршау, алаңдаушылық және ақыл-ой қабілеттерінің бәсеңдеуін төмендетеді. Балық және балық майын тұтыну егде жастағы адамдардың есте сақтау қабілетін жақсартады.

Балық ма­йын­дағы А дәрумені ағзаны та­­зар­тады, зиянды вирустарды жоя­ды, сонымен қатар адам те­рі­сінің функциясын жаңғыртады. Көз жанарының көру әлсіздігі байқалған тұста семга балы­ғының майымен емдеуге бола­ды. Нәтижесі өте оңды.

3. Медитацияға уақыт табыңыз

Медитация қан қысымын төмендетеді, ауырсынуды азайтады, ағзадағы пайдалы сұр заттардың мөлшерін көбейтеді. Сондай-ақ, медитация мансап пен кәсіби деңгейге игі әсер етеді. Гугл, Дженерал милс, Таргет сияқты компанияларда медитациямен үздіксіз айналысады екен. Себебі бұл әдіс қызметкерлердің бір нәрсеге көңіл тоқтатуына және өзіне деген сенімділіктің артуына көмегін тигізеді.

4. Салмағыңызды бақылауда ұстаңыз

Семіздік — есте сақтау қабілетінің төмендетудің ең негізгі факторы. Артық салмақ мидағы жадқа байланысты өзгерістер тудырады. Өз кезегінде бұл есте сақтау қабілетін төмендетеді. Ғалымдардың зерттеуінше, 18 жас пен 35 жас аралығындағы адамдар тобы үшін жоғары дене салмағы жадтың сақтау қасиетін төмендетеді.

5. Ұйқыңызды қандырыңыз

Ұйқының жеткіліксіздігі жадтың нашар болуына әкеліп соғады. Түнгі ұйқы кезінде жадтағы қысқа мерзімді естеліктер ұзақ мерзімді естеліктерге айналады.

Мәселен, түнгі ауысымда қызмет ететін қызметкерлер берілген тапсырмаларда қателік жібереді екен. Сондай-ақ, басқа қызметкерлерге қарағанда есте сақтау қабілетінің де төмен екені анықталған. Сол үшін түнде толықтай 7-9 сағат ұйықтау керек.

6. Үнемі миыңызды жаттықтырыңыз

Миды жаттықтыру — айналаңыздағы қоршаған ортаға басқа көзқараспен қарайтын жағдай. Бұл да медитацияның бір бөлігі ретінде қолданылады. Сөзжұмбақ шешіңіз, сөздер ойыны мен миды жаттықтыруға арналған мобильдік ойындармен жиі жаттығыңыз. Айналаңыздағы дүниені, кез келген өзіңізге керек ақпаратты жиі қайталап отырыңыз. Әсіресе, сандарды жиі қайталаған дұрыс.

7. Алкогольдік сусындарды ішуді азайтыңыз

Спирт денсаулықтың көптеген аспектілеріне әсер етеді. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады. Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттың у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді.

8. Дене жаттығуымен айналысыңыз

Жиі қозғалу барлық жастағы адамдар үшін пайдалы. Жадты жақсартудың ең тиімді әдістерінің бірі — жүгіру. Денені жаттықтыру міндетті көп сағатты жаттығуларды қажет етпейді. Ондай жаттығу спортшыларға керек. Қарапайым адамға күніне 10 минут дене жаттықтыру жеткілікті. Ғылыми зерттеулер бойынша, дене жаттығуымен күніне 15 минут айналысқан адам, алдын-ала өлімнің қаупін 14% азайтады және өмір сүру ұзақтығын үш жылға ұзартады. Сондай-ақ, дене жаттығуы мидағы нейрондардың өсуі мен дамуына жақсы әсер етеді.

9. Тәттіні жиі жеуге дағдыланыңыз

Шоколадтың құрамындағы антиоксиданттар, флавоноидтар миға пайдалы. Олар мидағы нейрондардың дамуына әсер етеді және мидағы қан айналымын жақсартады.

Тәттілер мидың жақсы жұмыс істеуіне, жақсы көңіл күй үшін, ләззат алу үшін, энергия алу үшін ағзағв қажет. Бірақ, барлық жағдайда қалыпты мөлшерде қолдану ғана өз пайдасын әкеледі. Тәттіні жақсы көріңіз, өз-өзіңізді қадағалаңыз, шамадан тыс мөлшерде пайдаланбаңыз және тәуелділікке ұшырап жүрмеңіз. Құрамында 70% какаосы бар шоколадтар жадты жақсартуға жақсы көмектеседі.

10. Пайдалы азық-түлікпен тамақтаныңыз

Ағзада жеміс-жидектер мен көкөністерді жиі қолдану — иммундық жүйені арттырады. Олардың құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер бактерия мен вирустармен күресетін, ақ түсті жасушалардың бөлуіне ықпал етеді. Ақуызды құрайтын тағамдарды жеу, олар антиденелерді бөліп шығаруға қатысады. Тамаққа бір ас қасық тары мен күнбағыс дәнін қосу – осылайша цитокинды арттырып, иммунитетке жауапты антидененің бөлініп шығуына ықпал тигізеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!