Оның айтуынша, Жер Кодексінде оралмандарға жерді 25 жылға жалға беру құқығы туралы арнайы норма қарастырылған деп хабарлайды Қазақпарат.
«Оралмандарға ауыл шаруашылығы өндірісін, ауыл шаруашылығы және фермерлік шаруашылықты жүргізу үшін жер учаскелері 25 жылға уақытша пайдалануға (жалға) беру құқығы қарастырылған», — деп атап өтті Абдрахманова.
Судьяның мәлім еткеніндей, жер шетел азаматтарына сатылмайды. Ол — тек Қазақстан азаматтарына берілетін құқық.
«Ауыл шаруашылығына арналған жерлер Қазақстан азаматтарына және заңды тұлғаларына жекеменшікке аукцион арқылы сатылады. Жер учаскесін оның кадастрлық құнынының 50 пайызынан төмен сатуға рұқсат берілмейді. Сонымен қатар Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларының меншігіндегі жалда тұрған жер учаскелерін сатып алу үшін жеңілдіктер беріледі. Аталған норма қазіргі жер пайдаланушылардың мүдделерін ескереді. Бұрын оларға берілген ауыл шаруашылық жер учаскелері жалға беру мерзімі аяқталғанға дейін, жеңілдік бағамен жеке меншікке сатып алуға құқық беріледі, яғни жердің кадастрлық құнының 50 пайызы мөлшерімен 10 жыл мерзімге дейін бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған», — деп атап өтті судья.
Айта кетейік, Ұлт Жоспары 100 нақты қадам шеңберінде 35-36 қадамдарын жүзеге асыру масатында Жер Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Жер Кодексінің жаңа нормалары былтыр қараша айында қабылданды. Ал 2016 жылдың 1 шілдесінде ол қолданысқа енеді.