Астанада көше караокесі мен жазғы кинотеатр ашылады

«27 сәуірде сағат 15.00 Арбат маусымы ашылады. Сіздерге үш күн бойы таңғажайып шоу мен ұмытылмас сәттер сыйлайды. Жақында жазғы кинотеатр мен көше караокесі ашылады», — деп жазды Арман Тұрлыбек.

«Арбаттың» ашылуына орай алдағы үш күнде бірқатар мәдени шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, 27 сәуірде қолөнер туындыларын жасауға қажетті тауарлардың сатылымы, 28 сәуірде Батырхан Шүкеновті еске алу кешін өткізу көзделіп отыр. Белгілі әнші, композитор 3 жыл бұрын дәл осы күні Мәскеуде жүрек талмасынан көз жұмған болатын. Ал 29 сәуірде ашық арт алаңда «Ашық микрофон» өтеді.

Дереккөзbaq.kz