Ташкентте қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды

Ол серпе көтеруде 168 килограмды, жұлқа көтеруде 205 килограмды көтерді. Улановтың қоссайыстағы нәтижесі 373 килограмм болды.

Күміс жүлдені 356 келі (158+198) көтерген ирандық Муса Вижарахи, қола медальды 355 келі (165+190) көрсеткішке жеткен қытайлық Сю Ин алды.

29 сәуірде Ташкенттегі Азия чемпионатында 94 килограмда Владимир Седов жарысқа шығады.

Биылғы Азия біріншілігіне Қазақстаннан тек Денис Уланов пен Владимир Седов қатысып жатыр.

ДереккөзАзаттық