Бүгінгі өткен Үкімет отырысында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Мәлелов Нұрлыбек осылай мәлімдеді.
«
«ҚАЗАГРО» ХОЛДИНГІ 2018 жылға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзе асырушылардың бірі. Холдинг өз ережесі арқылы бағдарлама көздейтін бағыттар бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне, әсіресе, фермерлік шаруашылықтарға несие беретін болады. Фермерлерді субсидиялау мөлшерлемесі 4 проценттен бастап мерзімі 15 жылға дейінгі несиелер аналық мал басын сатып алуға, жем-шөп өндірісіне ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып алуға, мал күтіміне арналған шаруашылық құрылыс нысандарын салуға несиелер берілетін болады», — деді Мәлелов.
Сонымен қатар, басқарма төрағасы холдинг етті мал шаруашылығын дамыту бағытындағы несие бағдарламаларын 2009 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқанын да атап өтті.
«Бүгінде бұл бағытта өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал өсіретін 103 репродуктор, мал бордақылаудың тиімді технологиясы бар 30 өнеркәсіптік бордақылау алаңдары, 26 ет комбинатын салу жобалары қаржыландырылды. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 5 мыңнан астам фермерлік шаруашылыққа қолдау көрсетілді. Онда шамамен 300 мыңдай малды асылдандыру жұмыстары жүргізілді», — деген ҚазАгро басшысы холдинг ұсынылған бағдарлама шеңберінде бордақылау алаңдарына, ет комбинаттарына және фермерлерге қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.