Жақсылық Омар бокс федерациясының жаңа президенті болып сайланды

ҚР Бокс федерациясы таратқан мәліметтерге сүйенсек, Алматы облыстық бокс федерациясын 2009 жылдан бері қарай басқарып келген Бауыржан Оспанов өз еркімен қызметінен босаған. Ал ұйымның жаңа президенті болып Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымындағы Жақсылық Омар сайланды. Жақсылық Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында туған.

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін бітірді.

2016 жылдың қараша айынан Алматы облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді. Спорт және дене шынықтыру саласына жетекшілік етеді. Алматы облысы бокс федерациясының президенті міндетін қоғамдық жұмыс негізінде жүзеге асыратын болады.