Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы мүмкін

«Қазіргі таңда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға заңмен тыйым салынған. Зейнетақы иммунитетін сатып алуға зейнетақы жинағы жеткілікті болып, әйелдер 50, ал ер адамдар 55 жасқа толған жағдайда ғана қаржыны мерзімінен бұрын алуға болады. Басқа жағдайларда ақшаны алуға тыйым салынған», — деді ол.

Дегенмен, «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, қазіргі таңда шетелдік тәжірибе негізінде бірқатар өзгеріс енгізу қарастырылуда.

«Бүгінде БЖЗҚ зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда қаржыны бірінші қажеттіліктерге мерзімінен бұрын алуға қатысты халықаралық тәжірибені зерттеп жатыр, оның ішінде Малайзия, Сингапур, бірқатар Еуропа елдері бар. Ең алдымен, бұл ауыр сырқаттарды емдеу, білім алу және жылжымайтын мүлік сатып алумен байланысты шығындар болуы мүмкін. Бұл мәселе әлі қарастырылып жатыр», — деп түсіндірді Ерденаев.

3 комментария на «“Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы мүмкін”»

  1. 55тен астык неге зейнет акы корындагы 50% бермейди, калганын зейгеткерлике шыканда берсин.????

  2. Менин жолдасым 12 жыл мектепте жумыс истеди казир жумыссыз пенсионный фондын ала алама

  3. мен қаладан үй алғым келеді бірақ ақшам жетпей тұр, зейнет ақымды алуға болама?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version