Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстан...

Батыс Қазақстан облысында «Рухани қазына» фестивалі өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялағанына бір жыл болды. Осыған орай Астанада үлкен жиын өтті. Сол жерде атқарған жұмыстарды қорытындылап, алдағы мақсаттар айқындалды. Бұның бәрі бір жылда жасалатын шаруа емес. Дегенмен бір жыл ішінде аз жұмыс атқарылмады. Аудандық музейлер жаңартылды, Құрманғазы мен Дина бабамыздың, соғыста ерлік еткен үш батыр қызымыздың ескерткішін қойдық. Биыл Құрманғазының 200 жылдығы ЮНЕСКО тізіміне енді.

Бұйырса, келесі апталардан экспедиция жұмыстарын бастаймыз. Өздеріңізге белгілі, Құрманғазының сүйегі Астраханда жатыр. Біз ол жақтағы әріптестерімізбен жұмыстанатын боламыз.

«Исатай-Махамбет ескерткішін көтереміз. Қазір мүсіншілерден ұсыныстар түсіп жатыр. Тарих, мәдениет саласы ардагерлерімен кеңесіп, Мәдениет министріне баратын боламыз. Қазір қаражатты белгіледік.Сондай-ақ қаламыздың тарихынан сыр шертер кітап шығару жоспарда. Бұл мақсатта Қытай, Ресей, Түркия, т.б. елдерден деректер жинаудамыз. Бұдан өзге көптеген іс-шаралар кезегін күтіп тұр. Біз мемлекет басшысы белгілеген міндетімізді орындаймыз, алайда ел азаматы ретінде әр адам бұл іске үлес қосуы керек. Бұл бағытта өңір кәсіпкерлері тындырымды жұмыстар атқаруда», — деді А.Көлгінов.

«Рухани қазына» облыстық фестивалі барысында облыстың үздік деген музей, кітапхана, мәдениет үйлері 16 аталым бойынша марапатталды. Облыстық байқаудың жеңімпаздары республикалық сайысқа жолданады.

  • «Үздік аудандық музей» — Сырым аудандық тарихи-өлкетану музейі;
  • «Үздік облыстық музей» — Бөкей Ордасы аудандық тарихи-өлкетану музейі;
  • «Үздік аудандық музей қызметкері» — Алтынбөбек Сүйіндікова;
  • «Үздік облыстық музей қызметкері» — Нұржан Төлепов;
  • «Үздік ауылдық кітапхана» — Бөрлі ауылдық кітапханасы;
  • «Үздік аудандық кітапхана» — Сырым орталық кітапханасы;
  • «Үздік облыстық кітапхана» — Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана;
  • «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері» — Лаура Бердіғалиева;
  • «Үздік аудандық кітапхана қызметкері» — Айнагүл Батырханова;
  • «Үздік облыстық кітапхана қызметкері» — Сергей Быков;
  • «Үздік ауылдық клуб» — Январцево ауылдық клубы;
  • «Үздік ауылдық мәдениет үйі» — Қазталов ауданы Жалпақтал ауылы мәдениет үйі;
  • «Үздік аудандық мәдениет үйі» — Бөрлі аудандық мәдениет үйі;
  • «Үздік қалалық мәдениет үйі» — қалалық Жастар мәдениет үйі;
  • «Үздік ауылдық клуб қызметкері» — Алмаш Арыстанова;
  • «Үздік ауылдық мәдениет үйі қызметкері» — Марат Хасанов;
  • «Үздік аудандық мәдениет үйі қызметкері» — Гүлжамал Жұмағазиева.