ЭКСПО көрмесіне жұмсалатын қаржы 78 млрд теңгеге дейін қысқарады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Ақордадағы жиында  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды. 

Атап айтқанда, компанияның құрылымын өзгерту барысында топ-менеджерлерді қысқарту арқылы 150 млн теңге үнемделді. Сондай-ақ кейбір архитектуралық-құрылыс нысандарына қатысты шешімдерді қайта қарап шығудың есебінен жұмсалатын қаржы көлемі 78 млрд теңгеге қысқарады.

«Қазақстандық еңбек күшін көбейтіп, отандық кәсіпкерлерді тарту арқылы да қаржы үнемдеу көзделіп отыр. Үнемделген ақшаны тиімді пайдалануға баса назар аударылады. 10 аймақпен әріптестік туралы меморандумдарға қол қоюдың нәтижесінде құрылысқа 20 мыңнан артық жұмысшысы бар 20 отандық кәсіпорын тартылды. 30 млрд теңгеге тапсырыс жеткізу жүзеге асырылды, — деді А.Есімов. Оның айтуынша, қазір көрмеге қатысуға 53 мемлекет пен 11 халықаралық ұйым келісім берген.

Дереккөз7kun.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Amanat тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі инфрақұрылым нысандарын тексереді

Amanat-тың атынан депутаттыққа кандидаттар және партия белсенділері су басқан үйлердің тұрғындарымен кездесіп, гуманитарлық көмек беру үшін Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына барды.

Qnet қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады.

Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингіге енді

Еліміздегі сегіз жоғарғы оқу орыны әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Президент шахматшы Динара Сәдуақасованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Елден жанармайды 20 литрлік канистрмен шығаруға тыйым салынды

2023 жылғы 20 қаңтарда Энергетика министрлігінің «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы шыққан. Бұйрықта жанармайды елден 20 литрлік канистрмен шығаруға қатысты норма алынып тасталды.