Басты бет Таным Электр энергиясының шығындарын қалай азайтамыз?
Лампочка электр энергиясы
©Capital.ua

Электр энергиясының шығындарын қалай азайтамыз?

Назарларыңызға шығынды азайтуға көмектесетін қарапайым әрі пайдалы кеңестерді ұсынамыз.

Жарық

Жарық — электр энергиясының негізгі шығын көзі. Оны күнделікті қолданамыз, алайда қаншалықты тиімді екенін білесіз бе?

Үнемді лампалар

Қаншалықты тиімді екенін есептеу үшін, қолымызға калькулятор алайық.

Қарапайым 100 Вт лампаларды дәл сондай жарық беретін 12 Вт тартатын жарық диодты лампалармен алмастырыңыз. Ал енді, орта есеппен күніне төрт сағат жанатын лампаның бір жылда қанша теңгеңізді үнемдейтінін есептейік:

0,088 кВт × 4 сағ × 365 күн = 128,5 кВт·сағ

Тариф бойынша есептесек: 16,65 тг/кВт·сағ

128,5 кВт·сағ ×16,65 тг/кВт·сағ = 2139,525 тг

Ескеріңіз: біз бір ғана лампаның шығынын есептедік. Ал үйде мұндай лампаның 10-ы жанатын болса, шығын бірден он есеге, 21 395, 25 теңгеге артады.

Таза плафондар

Өте қарапайым болса да, көп адам ескермейтін кеңес. Шаң басқан плафон жарықты 30%-ға дейін төмендетеді. 10 минуттық жұмыс қалтаңызға түсетін салмақтан едәуір арылтады.

Тұрмыстық техника

Техниканы сатып аларда оның сипаттарына мән бергеніңіз жөн. Мысалы, энергия тиімділігі «А++ класы» деп көрсетілсе, бұл — энергияны барынша үнемдейтін техника. Алайда мұндай техникалардың бағасы төмен деп айтуға келмейді.

Дегенмен, тұрмыстық техникаларға кететін электр шығынын басқа да тәсілдермен азайтуға болады.

Тоңазытқыш

Тоңазытқыш жылу бөлетін құрылғылардан қашық жерде, салқын орында тұруы тиіс. Егер ол 30 градусқа дейін жылы бөлмеде тұрса, электр энергиясы 100%-ға дейін артық жұмсалады.

  1. Тоңазытқыштың есігін барынша аз ашуға тырысыңыз. Ол үшін азық-түлікті ыңғайлы етіп орналастырыңыз.
  2. Ішіне ыстық, әлі суымаған затты қоймаңыз.
  3. Тағамдардың беткі қабаты жабық болсын, әсіресе сұйық заттардың бетін жауып қойыңыз.
  4. Егер тоңазытқыш жылу батареясының қасында тұрса, жылу изоляциясын сатып алып, трубаны орап тастаңыз.

Плита

Электр плитасы — үйдегі ең шығыны мол техниканың бірі. Алайда оны дұрыс қолдансаңыз, шығындарды азайтуға болады:

  1. Әзірлеп жатқан тағамыңыздың бетін әрдайым жабуға тырысыңыз. Себебі судың булануынан көп энергия жұмсалады.
  2. Плитаға су қайнатқаннан гөрі, электр шәйнектерін қолдануға кеңес береміз. Біріншіден, энергияны азырақ тартады. Екіншіден, қайнаған соң, өздігінен өшеді.
  3. Шәйнекті суға толтырып қоймаңыз. Көп жағдайда пайдаланылмай қалатынын ескеріп, қажет деңгейді мөлшерлеңіз.

Су жылытқыш

Судың жылу сыйымдылығы жоғары, сол себепті оны жылыту үшін көп энергия жұмсалады. Мына кеңестерді ескергеніңіз жөн:

  1. Жылудың ең төменгі температурасын байқап отыру үшін, регулятор орнатыңыз.
  2. Егер қолданбасаңыз, ыстық судың кранын жауып қойыңыз.
  3. Үйден алысқа, ұзаққа кетерде, су жылытқышты тұтас сөндіріп тастаңыз.

Техниканы үнемі күтіп ұстау

Электр энергиясының шығындарын азайту мақсатында да техниканы күтіп ұстаудың пайдасы бар. Ол үшін мыналарды орныдаған жөн:

  1. Кір жуғыш машина мен шәйнектегі қақты жүйелі түрде тазалап отырыңыз.
  2. Компьютердің жүйелі блогындағы шаңды жиі сүртіп отырыңыз.
  3. Қолданбас бұрын, шаңсорғыштың ішін қоқыстан тазартып алыңыз. Энергиямен қоса, уақытыңызды да үнемдейсіз.
  4. Кондиционердің фильтірін тазартып отырыңыз.
  5. Тоңазытқышты ерітіп отыруды ұмытпаңыз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!