Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығында өтетін алғашқы көрме. Оған отандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының кәсіпорындары, жетекші конструкторлық бюро мен ғылыми-зерттеу институттары қатысады.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «KADEX — 2018» көрмесі жаңа форматта өтеді. Онда қару-жарақ үлгілерін көрсетуден бөлек, бағдарламаның іскерлік бөліміне де назар аударылады. Бағдарламаның ғылыми-іскерлік бөлімінде пленарлық және секциялық отырыс, конференция, «дөңгелек үстел» форматында барлық елдердің мамандары қорғаныс және қауіпсіздік, әлемдік ғарыш саласын дамыту мәселелері төңірегінде пікір алмасып, замануи кезеңде киберқорғаныспен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланады.
«KADEX — 2018» көрмесінің өзгеше жаңалығы оның аумағында «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумының өткізілуі болмақ. Тұңғыш рет көрмеде отандық және әлемдік ғарыш саласының жетістіктеріне арналған жеке павильон болады. Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында «Cyber and Digital Security» и «Advanced Def Tech» конференциялары өтеді. Бұл шаралар әлемнің түрлі елінен келген мамандар мен эксперттер қорғаныс өнеркәсібі, әскери-техникалық ынтымақтастық, ғарыш қызметі мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылайтын көрменің орталық диалогтық аумағы болмақ. Көрменің алғашқы күні «KADEX — 2018» эмблемасымен бірге арнайы почта мөрқалыбы соғылған конверттегі Қазғарыштың 25 жылдығына арналған почталық марканы өшіру салтанаты өтеді. Кез келген адам естелікке көрме аумағынан марка мен почта мөрқалыбы соғылған конвертті ала алады. Көрме өткізуде негізгі басымдық тәжірибелік құрамдас бөлікке берілді. Ресми шаралармен бірге іскерлік бағдарламаларда да әскери-техникалық ынтымақтастық, ғарыш қызметі мен киберқорғаныс салалары бойынша алыс-жақын шетелдердің ұйымдары және кәсіпорындарымен бірге бірқатар құжаттарға – меморандумдар мен келсімдерге қол қою жоспарлануда.
Айта кетейік, «KADEX — 2018» көрмесі бизнес өкілдері, әскери мақсаттағы өнімдерді өндірушілер мен жасауышылар, бейінді министрлік мамандары мен мемлекетаралық қатыснастары мен сыртқы саяси көзқарастары тәуелсіз түрлі елдер ұйымдары үшін конструктивті диалог алаңы болады.