Басты бет Жаңалықтар Полиция жүргізуші куәлігін сот шешімінсіз айыру құзыретіне ие болуы мүмкін

Полиция жүргізуші куәлігін сот шешімінсіз айыру құзыретіне ие болуы мүмкін

Жүргізуші куәлігінен айыру құзыреті Ішкі істер министрлігіне берілуі мүмкін. Мұндай өгерістер Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының концепциясында көрсетілген.

Фото: 24.kz

«Заң жобасында соттың құзыретіне ерекше құқықтарды айыруды көздейтін құқық бұзушылықтардың жағдайларын қарауға жол берілмейді (ӘҚБтК-нің 46-бабында), рұқсатты алып тастау немесе оны пайдалануды тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен шығару (ӘҚБтК-нің 47-бабында), қызмет немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу (ӘҚБтК-нің 48-бабында), оларды мемлекеттік органдардың құзыретіне ауыстыру ісі қарастырылады» делінген концепцияда.

Бастаманың жалғасында:

«Жоғарыда айтылған әкімшілік істерді қарау үшін уәкілетті органдар өз бетінше жұмыс істей алады. Бұл атқарушы тәртіпті нығайтады және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттырады» делінген.

Берілген ақпаратқа сүйенсек, мұндай өзгерістер сот органын артық жүктемен босатпақ. Сондай-ақ, жүргізушілерге уақытты үнемдеуге көмектеседі. Өйткені олар белгілі бір істер бойынша сотқа баруға мәжбүр болмайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version