Бірнеше жыл бұрын, Шонның өмірінде келеңсіз жайттар орын ала бастады. Сол уақытта ол бірден өзінің «өсу тізбесін» құруға шешім қабылдап, жақын арада қол жеткізгісі келетін барлық мақсаттарын жазды. Бірінші кезектегі бұл ерекше рейтингі үлкен саяхат болатын.

Соңғы 15 айда ол Париж, Мюнхен, Буэнос-Айрес, Куско, Медельин, Нью-Йорк сияқты көптеген қалаларды аралап шықты. Бұл — керемет саяхаттың бастауы. Ендеше Шонның саяхаттау барысында түйген 22 жаңалығынан хабардар болыңыздар

1. Саяхаттау барысында жалғыздықтың уақытша екенін түсініңіз

Басқа елге барған алғашқы сәттеріңізде сіз өзіңізді жайсыз сезініп, уайымға салынып, жалғыз қалып кеткендей сезінесіз. Уайымға салынбаңыз. Себебі, мұндай жағдай кез келген саяхатшының басынан өтетін қызықты сәттерінің бірі.

2. Өміріңнің жақсы жаққа өзгеруіне қарапайым заттар да себепші

Күнделікті жағдайда қолданатын заттарыңыздан, қажетсіз дүниелерден бір сәтке болса да құтыласыз. Сіз дәл осы сәттері бойыңызға мол энергия жинап, өзіңізді жеңіл әрі жайлы сезінетін боласыз.

3. Бәрінің өз себебі барын жадыңа сақта

Кейде жеңілу, сүріну, арқылы ойымыз шашырап кетуі мүмкін. Бірақ өмір бізді құпия әрі өте әдемі жолмен өз дегеніне жеткізеді.

4. Жаңа мүмкіндіктердің ашылуында тіл үйренудің маңызы үлкен

Сіз саяхатқа шығу арқылы әлемді жаңа көзқарасыңызбен ұғынып, түсіне бастайсыз. Мысалы, сіз тек ағылшын тілінде сөйлей алсаңыз, әлемдегі адамдардың 12% ғана еркін сөйлесе аласыз. Қалған 88% түсінудің ең жақсы жолы — басқа тілді үйрену. Бір ғана испан тілін жетік меңгеруіңіз әлемді барлық қырынан түсінуіңізге жол ашады.

Қазіргі таңда әрқайсысымыз интернетке қол жеткізе аламыз. Сондықтан әлеуметтік желіні қолдану арқылы сіз өз жалқаулығыңызды жеңе отырып, басқа тілді үйренуге үлкен мүмкіндік аласыз. Көптілді әлемде өмір сүру біз үшін белгілі бір міндеттерді жүктейді.

5. Өзіңді жақсы көруге үйренесің

Жалғыз саяхат — бұл өзіңізбен сырласуға, өзіңізді жаңа қырыңыздан таныуыңызға берілген қымбат уақыттың бірі. Сіз өзіңіздің ішкі ойларыңыз бен тәжірибелеріңізді жинақтай отырып, рухани дамисыз.

6. Ешкімге ештеңе міндетті емес екеніңізді түсінесіз

Өзіңізге деген ішкі және сыртқы сенімділіктің арасында үлкен айырмашылық бар. Сыртқы сенімділік әрдайым жалған болуы мүмкін және оны басқа адамдардың алдында үнемі қадағалай білуіңіз қажет.

Ең бастысы, сіздің ішкі сенімділігіңіз. Басқа адамдардың сіз жайлы ойы маңызды емес, себебі бұл сіздің көп күш жұмсауыңыздың себепшісі болады. Қажетті нәрсеге көңіл бөліп, оны жасаңыз.

7. Жетістіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңізді адал мойындауыңыз керек

Жалғыз саяхаттаған кезде, шешім қабылдау үшін жауапкершілік толығымен иығыңызға жүктеледі. Ақыл айтатын, көмек көрсететін ешкім болмайды. Қабылдаған шешіміңіз сәтсіздікке ұшыраған жағдайда болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін оны мойындау батылдық қажет.

8. Ішікі даусыңызға сенуіңіз керек

Күн сайын біз өте маңызды және өте көп шешімдер қабылдаймыз. Сізге барлық ықтимал нұсқаларды есептеуге және табысқа жетудің тамаша формуласын есептеуге мүмкіндік берілмейді. Интуицияны пайдаланыңыз — бұл өмір сүрудің кілті.

9. Сіз үшін маңызды нәрсені түсіну …

Өзіңіздің өмір жолыңызда көптеген адамдарды кездестіресіз. Олардың өмір туралы қызықты әңгімелерін естисіз. Табыс туралы (қайыр-садақтан бастап, мол байлыққа дейін), өлімге байланысты, қуанышты сәттерімен қатар қиындықтары туралы әңгімелерін біліп алып, әрдайым ой түйіп отырңыз.

10…. және сіз үшін кім маңызды?

Саяхат өміріңізде шын мәнінде қанша адамның маңызды екенін ұғуға мүмкіндік береді. Арадаға қашықтық арқылы қарым-қатынасты тексеріп, кімнің жақын, кімнің алыс екенін түсініңіз.

11. Телефонды алыс ұстаңыз

Саяхаттау кезінде ұялы телефонды барынша алыс ұстауға тырысыңыз. Біз саяхаттау барысында ойымызды жүйелеп, ретке келтіреміз. Ал, жақсы ойлардың бұзылмауына өзіңіз жауап бересіз.

12. Таң қалдырыңыз

Өмір тым қысқа. Адамдардың көпшілігі қолайлы және қолайсыз болып саналатын шеңберде ғана жүр. Болжамсыз болыңыз және әркім сізден күтетін істі жасамаңыз.

13. Сіз көп нәрсені үйренуіңіз керек

Біз әлем туралы және ондағы адамдар туралы көп білмейміз. Сондықтан әрдайым олардың мәдениеті, құндылықтары, тілдері, тағам түрлері туралы білуге дағдыланыңыз.

Жағдайды өзгертуге, өмірден жаңа дүниені үйренуге тырысыңыз.  Себебі біздің білетінімізден білмейтініміз көп.

14. Айтқан сөзіңіз іс әрекетіңізбен сәйкес болсын

Жұмысты сөзбен емес іспен дәлелдеу керек. Бір затты ойлаумен ғана шектелмей, оны іс жүзінде жүзеге асырып отырыңыз.

Әлемде сіздің жұмысыңыздан он есе ауыр және сіздің жалақыңыздан он есе аз төлем алатын адамдар көп. Көпшілігіміз «қиын жұмыс» деп, тығырықтан шығып кетеміз. Бұл үлкен қателік.

15. Бір сәттік сәтсіздікті,өмірдің мәні деп түсінбеңіз

Уақытша әлсіздіктің құрбаны болмаңыз. Есіңізде болсын қателік жасау арқылы адам өмірден сабақ алып, ширатылады. Қателіктеріңізді түсіну және оларды түзеу сізді тұлға ретінде сипаттайды.

16. Адамдарға шынайы көзқараспен қараңыз

Сапардағы ең керемет нәрселердің бірі — айналаңыздағы адамдар. Әр адамның жақсы қасиетін түртіп алып, жаман қасиеттерін өз бойыңыздан да аулақ  ұстаңыз.

17. Мейірімділік пен ізеттілік сізді өрге жетелейтін басты қасиет

Адамның жағдайын түсінуге тырысыңыз және барлығына жомарттық танытыңыз. Бұл қасиеттер арқылы адамдардан алғыс алып үлкен күшке ие боласыз.

18. Кітапты өзіңізбен алып жүріңіз

Саяхат кезінде біздің миымыз мейлінше ұқыпты. Бұл сіздің шығармашылық деңгейіңізге оң әсер етеді. Жол жүру кезінде оқу – кітапты өте оңай меңгеруіңізге мүмкіндік береді.

19. Тәуекелдік танытып,батыл шешім қабылдаңыз…

Сапар барысында жоспарларыңызды түбегейлі өзгерту қажет болған жағдайлар жиі болады. Консервативті емес және өздігінен шешімдер қабылдауға дайын болыңыз.

20. Мұқтаж жандарға көңіл бөліңіз

Әлем бойынша саяхаттайтын болсаңыз, сіз күніне 5 доллардан аз табатын жағдайы қиын көптеген жұмысшыларды кездестіресіз. Оларға барынша қол ұшыңызды беріп, көмектесуге тырысыңыз.

21. Арманыңызға шектеу қоймаңыз…..

Армандарыңыздың тізбегін жиі өзгертіп, мақсат қойып биікке ұмтылуға жүрексінбеңіз.

22. Әрбір сәттен ой түйіп өміріңіздің жақсы жаққа өзгеруіне пайдаланыңыз

Саяхаттың ирониясы, біз әр түрлі мәдениеттерді мүмкіндігінше барынша зерттеп, мүмкіндігінше көп адамдармен араласуға тырысамыз, сонда үйге оралғаннан кейін барлық адамдар бірдей екенін түсінеді. Кедей, бай, азиялық, латын — біз бәрібір өмір деп аталатын ойын ойнаймыз. Біз бәріміз бір нәрсені қалаймыз: махаббат, құрмет және жарқын болашақ.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!