Жұмыссыздар «Бастау» жобасы бойынша оқытылып жатыр

Алакөл ауданындағы аудандардың бірі және ауыл азаматтары мен кәсіпкерлердің бастамаларын белсенді қолдауды қажет ететін аймақ болып табылады.

Бүгінгі таңда аудан орталығы Үшарал қаласында «Бастау» жобасы бойынша оқыту басталып кетті. Бірінші ағымға 36 адам оқуға қабылданды. Бастаулықтармен алғашқы кездесулердің бірі Өңірлік кеңес мүшесі, кәсіпкер Баршагүл Саятова мен Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықовпен үйымдастырылды.

«Өткен жылы «Бастау» жобасы облысымыздың жеті ауданында жүзеге асырылып, күткен нәтижелеріміз орындалды. «Бастау» көптеген жұмыссыз жүрген адамдарға өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға түрткі болды. Соның нәтижесінде елді-мекендерде жаңа бизнес нысандары мен қосымша жұмыс орындары пайда болды», — деді Нариман Әбілшайықов.

Жұмыссыздық
©Өңірлік баспасөз

Өз кезегінде Өңірлік кеңес мүшесі Баршагүл Саятова бизнес құру жолдарымен бөлісіп, жеке істі ашу кезінде қажет болатын кеңестермен бөлісті.

Теректі ауылының тұрғыны Әлия Кенжесариева — «Бастау» жобасы аясында алған білімін тәжірибеде іске асырмақшы тыңдаушылардың бірі. Қатысушы бизнес психологиясын зерттеп, курс аяқталғаннан соң айналысатын саласын бірден анықтап қойды.

«Мен үшін бұл алғашқы кәсіпкерлік тәжірибе болайын деп тұр. Сондықтан, бизнес-жоспар әзірлеуді, маркетинг негіздерін үйренгім келеді. Біздің ауылымыз мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы мекен. Сол себепті онда шағын ферма ашып, 3-4 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмын», — дейді Әлия Кенжесариева.

Бизнес-тренер Арлан Әлімбаевтың айтуынша, қазіргі таңда қатысушылар кәсіпкерлік, бизнес идея туралы түсініктермен жақыннан танысып жатыр. Жақын уақытта ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен қызмет көрсету орындарында тәжірибелік сабақтар өтіп, табысты кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылады.

Айта кетейік, «Бастау» жобасы осы аптада Алматы облысының 16 аудан орталығында басталды. Биыл өңірде оқытумен 3,3 мыңнан астам адамды қамту жоспаланып отыр.