Басты бет Жаңалықтар Нұрлан Аманқосов күрестен әйелдер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Нұрлан Аманқосов күрестен әйелдер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Қазақстанның күрестен әйелдер құрамасына жаңадан бас бапкер тағайындалды. Қайрат Сағадиевтің орнына Нұрлан Аманқосов келді. 

© wrestling.kz
Қайрат Сағадиев бас бапкер болғанда, Қазақстан құрамасы халықаралық аренада айтулы жетістіктерге жетті. Жаттықтырушының өзі құраманы тастағысы келмейтінін жеткізді.

«Әйелдер құрамасымен және қазір Қазақстанды халықаралық деңгейде танытып жүрген спортшылармен 14 жылдан бері жұмыс істеймін. Мен мектеп қабырғасынан бері келе жатырмын. Сондықтан маған тағы да уақыт пен мүмкіндік беру керек еді. Себебі мен өз тәжірибемді әрі қарай – 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға дейін көрсетер едім», — деді Қайрат Сағадиев.

Айта кетейік, Қайрат Сағадиев бұл лауазымда үш жылдан аса уақыт отырды.

Ол 2015 жылдың қаңтарында Гузель Манюрованың орнына келген болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version